Польша Қорғаныс министрлігі американдық Patriot-тың бағасын төмендету бойынша келіссөздерді жалғастыруға ниетті

Бұл туралы Польшаның Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Бартош Ковнатский Defense News апталығына берген сұхбатында хабарлады.

Хабарламада сондай-ақ, Варшаваның әуе шабуылына қарсы қорғаныс/зымыранға қарсы қорғаныс жүйелеріне 7,5 миллиард АҚШ долларынан артық қаржы жұмсауға дайын екендігі, сонымен бірге АҚШ Қорғаныс министрлігінің DSCA қорғаныс және қауіпсіздік ынтымақтастығы жөініндегі басқарма (Defense Security and Cooperation Agency) АҚШ әкімшілігінің Польшаға Patriot батареяларын жалпы сомасы 10,5 млрд. АҚШ долларына (37 млрд. алтын) сататындығы туралы шешім қабылдағандығы жөнінде хабарлады.

Бұл келісім DSCA бұрын хабарлағандай, Польшаның Patriot PAC-3 + жүйесіне төрт AN/MPQ-65 радиолокациялық станциясын, 16 іске қосу қондырғысын және 208 зенитті басқарылатын зымырандарды сатып алуын қамтамасыз етеді.

 

 

Дереккөз:

https://vpk-news.ru/news/40319