Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілімен кездесу

2023 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерін жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілімен кездесуге бастамашылық жасады.

2023 жылғы 24 мамырда «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-ге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Хасенова Гульден Сейдахметовна Кәсіпорын қызметкерлері үшін 2023 жыл ішінде жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі талаптарды түсіндіру бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды толтыру тәртібі бойынша сабақ өткізді.

Кадр саясаты бөлімі