Салтанатты ашқан «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Бас директоры Ришат Асансеитов өзінің құттықтау сөзінде әрбір қазақстандық үшін мерекенің маңыздылығын атап отырып, біздің еліміз Тәуелсіздіктің 33 жылы ішінде әлемдік қоғамдастықтың лайықты бағасына ие болғанын, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның табысты және гүлденген ел болғанын атап өтті және барлығын осы күнмен құттықтап, бейбіт аспан, сәттілік тіледі.
Ерекше көзге түскен Кәсіпорын қызметкерлеріне Кәсіпорын басшылығы мен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Іс-шараның жалғасы ретінде музыкалық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.