Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтажы үшін СУ-30СМ ұшақтарын жеткізу

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтажы үшін СУ-30СМ ұшақтарын жеткізу


2013 жылғы 24 желтоқсандағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК 4++ буынды Су-30СМ кезекті көп функциялы, өте күрделі жойғыштарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждары үшін жеткізді. Бұл ұшақтар жаудың атыс қаруы жағдайында базадан үлкен қашықтықта көптеген жауынгерлік тапсырмаларды орындай алады. Су-30СМ ұшақтары әуе шабуылы құралдарының соққысынан, әуе және жерүсті нысаналарын табу және жоюдан әскерлер мен объектілерді жабу мүмкіндігін едәуір арттырады. Ұшу және тактикалық-техникалық сипаттамалары бойынша олар жоғары маневрлікпен және автоматтандырудың жоғары деңгейімен сипатталатын 5-ші буын ұшақтарына жақын.