2021 жылғы 19 наурызда «Қазарнаулыэкспорт» РМК, «Техника связи» ААҚ (Беларусь Республикасы) және Қазақстан Республикасының әәлеуетті құрылымдарының өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу аясында Беларусь компаниясының өкілдері қазақстандық тарапты өз кәсіпорны қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ өндірілетін өнімнің мультимедиялық тұсаукесерін өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасының аумағында Беларусь өндірісінің өнімдеріне демонстрациялық сынақтар жүргізу мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды. «Техника связи» ААҚ өкілдері қазақстандық тарапты «MILEX-2021» қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне (2021 жылғы 23-26 маусым, Минск, Беларусь Республикасы) қатысуға, сондай-ақ шығарылатын өніммен және өндіріс технологияларымен егжей-тегжейлі және көрнекі танысу үшін өндіруші зауытқа баруға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.