ҚР ҚАӨМ «Қазақстанның киберқылқаны» жүзеге асырудың бірінші қорытындысын жасады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен 2022 жылға дейінгі «Қазақстанның киберқылқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асырудың бірінші қорытындысын жасауға арналған кеңейтілген жиналыс өткізілді.

Аталған іс-шараға ҚР қорғаныс, білім және ғылым, ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, «Казахтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ байланыс операторлары, Кибер шабуылды талдау және тергеу орталығы және Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы өкілдері қатысты.

Негізгі нәтижелердің арасында – заңнаманы қалыптастыру, техникалық стандарттар мен талаптарды міндетті түрде қолдану саласын кеңейту, кәсіби стандартты бекіту, білім беру гранттарын көбейту, мемлекеттік қызметкерлердің сауаттылығын арттыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы азаматтарды хабарландыру бойынша жүйелік жұмысты ұйымдастыру.

Сондай-ақ, жиналыста сарапшылық қоғамдастықпен қазақстандық әзірлеушілердің мамандандырылған шешімдерін құру және коммерциализациялау, «онлайн» сервистер және электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемінің өсу жағдайындағы киберқауіпсіздік саласындағы бұзушылықтардың алдын-алу және компьютерлік шабуылдар кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастырудағы байланыс операторларының ролін арттыру бойынша бірқатар жаңа бастамалар шығарылды және талқыланды.