ҚР ҚАӨМ делегациясы «Eurasia Airshow» Халықаралық әуесалонды көріп қайтты

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация Түрік Республикасына барып келді. Онда олар «Eurasia Airshow» Халықаралық әуесалонның ашылу рәсіміне қатысып, әскери техника және қару-жарақтың жаңа үлгілермен, сондай-ақ әскери және екі мақсаттағы өніммен танысты.   

Іс-сапар аясында Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Джаныклы, Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы Исмаил Демир, «Roketsan», «Baykar», «Otokar», «Aselsan» ірі түрік компаниялардың басшылығымен кездесулер өтіп, екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Атап кету жөн, Түрік Республикасы 2018 жылдың 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысатын болады. Бұл көрменің жеке павильонында 23 түрік қорғаныс-өндірістік кешен компаниялардың өнімі мен әзірлемелері ұсынылатын болады.

 

Анықтама:

Түрік Республикасы тарихындағы алғашқы «Eurasia Airshow» Халықаралық әуесалон 2018 жылдың 25-29 сәуір аралығында Анталья қаласының әуежай аумағында өткен.

Іс-шараға ірі әлемдік әуе компаниялардың өкілдері мен делегациялары қатысты.   Eurasia Airshow-да 150-ден астам әуе кемелер ұсынылып, экспозицияның жалпы көлемі 300 мың шаршы метрді құрды.

Әуешоуға 100 елден (Ресей, Ұлыбритания, Италия, Иран, Франция және т.б.) астам келген төрт жүзден кем емес шетел корпорация қатысты.