ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Сербия Премьер-министрінің Бірінші орынбасарымен кездесті

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Сербия Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары-Сыртқы істер министрі Ивица Дачичпен кездесу өткізді.

Екі жақ қорғаныс-өндірістік кешені, ғарыштық сала және киберқауіпсіздік саласындағы кәсіпорындардың кооперациясы мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың дамуы және өзара іс-әрекет мәселелерін талқылады.

Сербиялық әріптестердің ғылыми және құрастырушылық әзірлемелердің жоғары потенциалын атап кету жөн.

Қорғаныс-өндірістік кешенінің сербиялық кәсіпорындары 2018 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін «KADEX-2018» V Қару-жарақ және әскери-техникалық меншік халықаралық көрмесіне қатысуға дайын екендігін білдірді.