Іс-шарада 100-ге жуық қатысушылар, оның ішінде электрондық өнеркәсіп саласындағы отандық компаниялардың, ғылыми ұйымдардың өкілдері жиналды.
Семинардың мақсаты отандық өндірушілердің әрекет етуші мемлекеттік қолдау шараларымен танысуы, сондай-ақ кооперация ұйымдастырылуы және ынтымақтастық болып табылады.
Спикерлер ретінде кәсіпкерлікті қолдауды қамтамасыз ететін институттардың («Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Қазақстан Даму банкі» АҚ, «Kazakh Export» экспорттық сақтандырушы компания» АҚ, «ТЖДҰА» АҚ, «ҚИДИ» АҚ, «Astana Hub» ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі, «ДАМУ» КДҚ» АҚ) өкілдері сөз сөйледі.
Бағдарлама аясында мынадай өзекті мәселелер талқыланды: гранттар, кредиттер, лизингтер, субсидиялар беру, мамандардың біліктілігін арттыру, әрекет етуші бизнес жүргізуді сервистік қолдау, сонымен қатар электрондық өнеркәсіптің отандық өнімдер өндірісінің дамуын ынталандырушы қолдау механизмдері.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Нұрғожин Марат Рахмалиұлы атап өткендей: «Электрондық өнеркәсіп еңбек өнімділігін арттыру және ел экономикасын цифрландыру үшін басты қозғаушы күш болып табылады, өйткені дәл осы жерде экономиканың барлық басқа салалары үшін қазіргі заманғы техниканың жетістіктерін барынша пайдалануға мүмкіндік беретін ең жоғары технологиялар қолданылады.