Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің үкімет сағатында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені (ҚӨК) 40 кәсіпорынды қамтиды. Онда 9 мыңнан астам адам еңбек етеді.
2016 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) құрылғаннан бері оның алдында Қорғаныс Күштерін, басқа да әскери топтамаларын қажетті қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша міндеті қойылған.
Соңғы жылдары ішінде технологиялар трансферті қамтамасыз етілген бірқатар бірлескен өндірістер құрылып, сәтті жұмыс атқаруда. Олардың ішінде — «Казахстан Аселсан инжиниринг» электронды-оптикалық құралдарды шығару зауыты, «Казахстан Парамаунт инжиниринг» брондалған көліктерді шығару бойынша кәсіпорын, «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша зауыты. «Семей инжиниринг» негізінде брондалған танк техникасын (Т-72, БМП, БТР) жөндеу, жаңғырту және техникалық сүйемелдеу бойынша кластер құрылуда.
Жалпы, статистикаға жүгінетін болсақ, 2017 жылы ҚӨК кәсіпорындарының өндіріс көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті, экспорт 2 есе көбейді.
Өнім экспорты бойынша көшбасшылары: «Батыс Қазақстан Көлік құрастыру Компаниясы» ЖШС, «Киров атындағы Көлік зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Казахстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы жылдары Қазақстанда 9 қорғаныс өнеркәсіп кәсіпорны техникалық жаңғыртудан өтетін болады.
Әрбір кәсіпорын бойынша жаңғыртудың жол картасы құрастырылады. Ондағы басты назар экспорттық потенциалы бар перспективті өнім түрлерін шығаруға берілетін болады.
Былтыр ҚР ҚАӨМ-да қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ең үздік перспективті жобаларды қарастырып таңдайтын Ғылыми-техникалық кеңес құрылған. Бүгінгі күні 5,9 млрд. теңге соммаға 50 перспективті жоба іріктелді.
«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылым дамуының басымдығы ретінде анықталды.
Министрліктің күші саланы қарқынды дамыту үшін институционалдық және жүйелік жағдайларды құруға бағытталды.
Оның ішінде, ел қауіпсіздігі мен қорғанысы бойынша тапсырмаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін саланың нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырудың жаңа механизмздері реттелген және отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қолдау шаралары қарастырылған «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Заң жобасы ҚР Парламентіне қарауға енгізілді.
Осы жылдан бастап республиканың Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс бюджеті ҚР ҚАӨМ-не өтеді. Бұл әлеуетті органдарды өзіне тән емес қызметтерден босатады және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуды қамтамасыз етеді.
Мнистрліктің негізгі жұмыстарына мыналар жатады: қару-жарақтың, техниканың жаңа әрі перспективті түрлерін өндіру толық циклін басқару және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс саласы бойынша тапсырмаларды іске асыру үшін қызметтерді ұсыну.
Өндіріс арқылы және Қарулы күштерге қару-жарақ пен әскери техникалардың жоғары технологиялық түрлерін енгізу арқылы Қарулы күштердің ақпараттандырылуы, роботтандырылуы және кәсібилендірілуі жүзеге асырылады.
Сөз соңында Министр Б. Атамқұлов депутаттарды Астана қаласында 23 мамырда өтетін «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесінің ашылу рәсіміне шақырды.
Іс-шара қатысушылары және депутаттық корпус осы алаңдағы бүгінгі талқалау отандық ҚӨК дамуына серпіліс беретініне сенім білдірді.