Ресей армиясы қорғалған ұялы телефондармен қаруланды

Ресей Қорғаныс министрлігінің «Аса маңызды» құжаттарға (АМ, Ресейдегі құпиялылықтың ең жоғарғы санаты) жіберілген армия командирлеріне қорғалған ұялы телефондар беріле бастады. 115 мың рубль тұратын құрылғылар азаматтық ұялы желілер арқылы, оның ішінде шетелден Ресей Федерациясының шифрланған әскери байланыс желілеріне шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлады «Известия» газеті.

Басылымның мәліметтері бойынша, бұл құрылғылар өздерінің жоғары құның толығымен ақтайды — жедел жасырын байланыс әскерді неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Осындай келіссөздерге жұмсалатын шығыс лимитін Қорғаныс министрлігі жылына 24 млн. рубльге белгіледі.

«Известияға» Қорғаныс министрлігі айтқандай, 2017 жылдың соңында «Атлас» ғылыми-техникалық орталығы» ФМБК шығарған M-663С «Атлас» қорғалған телефондары жалпы әскери арми мен бригадалардың басты командалық буын офицерлеріне берілді. Осы құрылғылардың аппараттық бөлігі және операциялық жүйесі толығымен ресейлік.

M-633C — SMP-АТЛАС/2 GSM-телефонының коммерциялық моделін дамыту. Әскери орындау кезінде олар физикалық әсерден біршама қорғалған. Өнім сапфир шыңысы және соққыға төзімді резеңке қақпағы бар метал-пластикалық корпуста жасалған. Құрылғы түсті дисплеймен және MP3 ойнатқышымен жабдықталған.

Тапсырыс берушінің талабы бойынша ұялы телефон минус 20-дан плюс 50 градус кезінде жұмыс істеуге тиіс. Судың метрлік тереңдігінде жарым сағаттық суға батырылғаннан кейін ол қоңыраулар қабылдауды жалғастырады. Құрылғының салмағы 130 грамм.

Телефондар дыбыстық ақпараттың аппараттық криптографиялық қорғанысымен жабдықталған – олардың сигналды шифрлайтын арнайы құрылғысы бар. Құрылғы «Мегафонның» SIM-картасымен әдеттегі GSM желілерінде жұмыс істейді, себебі тек осы операторда шифрланған байланысқа арналған «Атлас» ҰТО лицензиясы бар. Тек дауыс каналы қорғалған, бірақ SMS және басқа да деректерді беру түрлері қорғалмаған. Ұялы желі арқылы жоғалу режимі қашықтан іске қосылған жағдайда құрылғы шифрлау кілттерін шұғыл жоюды қамтамасыз етеді.

Телефонның жаңа моделі шектеулі партиямен шығарылады — жылына шамамен жүз дана, сондықтан әрбір дана қолмен жиналады. Әр құрылғыға тапсырыстың орындалуын шамамен төрт ай күтуге тура келеді. Ең қымбат бөлігі — шифрлау модулі және арнайы бағдарламалық жасақтама.

 

Дереккөз: https://vpk-news.ru/news/41408