Румыния «Патриотқа» $3,9 млрд жұмсайды

Румыния Қорғаныс министрлігі Patriot зымыран кешенің жеткізу үшін Raytheon (АҚШ) компаниясымен келісімшартқа қол қойды.   

Румыния Patriot ӘШҚЖ жүйесімен жабдықталған әлемдегі 14-ші ел болады,- деп хабарлайды Warspot defensenews.com порталына сілтеме жасай отырып. (01.12.2017)

Биылғы жылдың сәуір айында Румынияның Қорғаныс министрлігі американдық Raytheon компаниясына «Патриоттарды» жеткізу туралы ресми өтініш жіберді. Шілдеде америкалық әскери ведомство әлеуетті келісімшартты мақұлдағаны белгілі болды. Мәміле $ 3,9 млрдты құрайды.

2017 жылғы 30 қарашада түпкілікті келісімшартқа қол қойылып, тараптар оны іске асыруға кірісті. Румыния радарлармен, басқару бекеттерімен, антенналармен, ұшыру қондырғыларымен және электр генераторларымен жабдықталған Configuration 3+ түрленімінің 7 Patriot кешенің алады. Жеткізу жиынтығына 56 Patriot MIM-104E Guidance Enhanced Missile-TBM зымырандары және 168 Patriot Advanced Capability-3 Missile Segment Enhancement зымырандары кіреді. Келісімшарт аясында негізгі мердігерлер болпы Raytheon және Lockheed Martin компаниялары қатысады.

Ол Patriot кешендері қазірдің өзінде F-16 жойғыш ұшағын қамтитын интеграцияланған Румыния ӘШҚЖ жүйесінің бір бөлігі болады деп жоспарланып отыр. 2016 жылы, Румыния ӘӘК алты жойғыштың алғашқы партиясын алды, әлі сонша жауынгерлік ұшақ жақын арада жеткізіледі. Румыния 2004 жылы НАТО мүшесіне қосылды және бірте-бірте қару-жарақтың кеңестік үлгілерін бастыстыққа ауыстыруда. Сонымен қатар, ел аумағында жалпы НАТО елдерінің жалпы ӘШҚҚ жүйесіне енгізілген және баллистикалық зымырандарды кіші және орта қашықтықта ұстап алатын қабілеті бар америкалық Aegis Ashore зымыранға қарсы қорғаныс кешені орналастырылған.

Дерккөз: https://vpk-news.ru/news/40220