Словакия Қорғаныс министрлігі ескірген ресейлік МиГ-29 ауыстыру бағдарламасы шеңберінде америкалық F-16 және шведтік «Грипен» жойғыштарын сатып алу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуде.
Қазіргі уақытта НАТО мүшесі болып табылатын Словакия «МиГ» РҰК-мен (Ресей) жасасқан келісімшарт шеңберінде 12 МиГ-29-ға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруда, оның әрекет ету мерзімі 2019 жылғы күзде аяқталады. Бұл келісім ұзартылуы тиіс, себебі үкімет осы жылдың аяғына дейін жаңа жойғыштарды (F-16 немесе «Грипен») сатып алуды мақұлдаса да, келісімшартқа келісу және қол қою үшін әжептеуір уақыт кетеді және оған қол қойылғаннан кейін ұшақтарды бергенге дейін тапсырыс берушіге 18-24 айдан кем емес уақыт қажет болады.
F-16 құны жоғары және оларды 2023 жылға дейін жеткізуге болады. Польша ӘӘК осы ұшақтарды пайдаланады және қосымша партия сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар, көрші Венгрия мен Чехия Швецияның JAS-39 «Грипен» жойғыштарын қолданады. Бұған дейін Словакия Чехиямен әуе кеңістігін бірлесіп патрульдеу туралы келісім жасасты. Егер Словакия «Грипен» сатып алса, онда осы екі ел ұшқыштарды дайындайтын және техникаларға қызмет көрсететін бірлескен жүйені құра алады.
2030 жылға дейін Словакия өзінің Қарулы Күштерін жаңғырту үшін шамамен 6,5 млрд. еуро (8,11 млрд. АҚШ доллары) жұмсауға ниет білдіруде. Қорғаныс шығыстары өткен жылғы ішкі жалпы өнімнің 1,1% -ынан 2020 жылы 1,6% -ға және 2024 жылға қарай 2,0% -ға дейін көтерілуі тиіс.
2017 жылғы қарашада үкімет Финляндияның Patria компаниясымен бірге 8×8 дөңгелек формуласы бар 81 ББМ-ді жеткізу жоспарын бекітті, ал биылғы жылы 4×4 дөңгелек формуласы бар 404 ББМ-ді құрастыру үшін әріптесті таңдауды жоспарлауда.
Дереккөз: https://vpk.name/news/205826_minoboronyi_slovakii_rassmatrivaet_vozmozhnost_pokupki_istrebitelei_f16_i_gripen.html