АҚШ ӘТК MQ-4C Triton дронының бірінші сериялық үлгісін алды

Америкалық флот ресми түрде өздігінен басқарылатын қашықтаны әуені барлау ұшағымен қаруланған. 2017 жылғы 11 қарашада defenseworld.net порталы Northrop Grumman компаниясы АҚШ ӘТК-ға MQ-4C Triton дронының алғашқы сериялық үлгісін бергендігін хабарлады.

 

MQ-4C Triton дрондары сыңақтарда

Бүгінгі күнге дейін Америкалық әскери-теңіз күштерінің иелігінде тек қашықтан басқарылатын әуе барлау құралдары ғана болған. 2008 жылы АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Northrop Grumman басқарылатын барлаушы ұшақтарды ауыстыра алатын арнайы ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды әзірлеуге және құрастыруға арналған құны 1,164 млрд. АҚШ доллары тұратын ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. 2012 жылы әзірлеушілер ӘТК қолбасшылығына MQ-4C Triton ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың түптұлғасын ұсынды.

MQ-4C Triton ұшқышсыз басқарылатын ұшақ бірінші рет 2014 жылғы қазанда ұшты, ал екі жылдан кейін АҚШ ӘТК осы машиналардың бірінші партиясына тапсырыс берді. 2017 жылғы мамырда америкалық әскери қолбасшылықтың тағы үш машинаның өндірісіне, сондай-ақ олар үшін жер үсті жабдықтарына төлем жасағандығы мәлім болды. Мәміле құны 303,9 млн. АҚШ долларына бағаланады.

Бірінші «Тритон» «Пойнт Маг» (Калифорния штаты) әскери объектісіне негізделеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін әскерилер MQ-4C Triton екінші сериялық данасын алады, ал 2018 жылы тағы екі «Тритон» Гуам аралында өрістелуі тиіс.

«Бұл ұшқышсыз басқарылатын ұшақ әскери теңіз авиациясы үшін жаңа дәуірдің бастамасы болып табылады. «Тритон» – HALE (high-altitude, long-endurance) түріндегі ұшқышсыз ұшатын жүйе, ол теңіз патрулдеу мүмкіндігін кеңейте отырып, ӘТК үшін аса маңызды автономдықты қамтамасыз етеді»

MQ-4C Triton – жағалау аймағында ақпарат жинау, қадағалау және барлауға арналған ұзақ ұшу ұзақтығы жоғары ұшқышсыз ұшатын аппарат. Triton, сондай-ақ Northrop Grumman компаниясы әзірлеген RQ-4 Global Hawk дроны негізінде жасалған, 17 км жоғары біктікке көтеріле алады, сағатына 575 км жылдамдықпен ұшады және әуеде 24 сағат тұрады.

Жаңа дронның барлау аппаратурасының құрамына көп салалы РЛС, бейнекамера, электрлі топтикалы/инфрақызыл құрылғылары, радиобарлау құралы, автоматты сәйкестендіру жүйесі (AIS) және ретрасляция аппаратурасы бар. Бұл жабдық аппаратураға әр түрлі су асты объектілерін табуға және автоматты түрде топтастыруға мүмкіндік береді.

 

Дереккөз:

 http://www.arms-expo.ru/news/vooruzhenie_inostrannykh_armiy/vms_ssha_poluchili_pervyy_seriynyy_obrazets_drona_mq_4c_triton/