Иракты ӘӘК T-50IQ ОЖҰ кезекті партиясын алды

Иракты ӘӘК T-50IQ ОЖҰ кезекті партиясын алды

Ирак ӘӘК-нің алғашқы алған алты KAI T-50IQ оқу-жаттығу ұшақтарының екеуі

(борттық нөімрлері IQAF-5005 мен IQAF-5006). Басра, 2018 жылғы қаңтар.

Дереккөз: Ирак ӘӘК / twitter.com/iqairforce

Ирак Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, елдің Әскери-әуе күштері 2013 жылы қол қойылған келісімшарт шеңберінде Корея Республикасынан тапсырыс берілген Т-50IQ оқу-жаттығу ұшақтарының кезекті партиясын алды

 PressTV.com, айтуынша ұшақтардың үшінші партиясы Иракқа 28 қазанда теңіз көлігімен жеткізілді.

ӘҚСТО мәліметтері бойынша, Korea Aerospace Industries компаниясы 2013 жылғы 12 желтоқсанда компанияның атқарушы директоры Ха Сунг-йонг пен Ирактың премьер-министрі Нури аль-Малики Ирактың Әскери-әуе күштеріне Т-50IQ «Голден Игл» икемделген нұсқасының 24 оқу-жаттығу ұшағын жеткізуге арналған келісімшартқа Багдад қаласында қол қойғандығы хабарлады. Тапсырыстың жалпы құны 2,1 миллиард долларға бағаланған, соның ішінде 1,1 миллиард доллар ұшақтарды сатып алуға және 1 миллиард доллар 20 жылдық жеке құрамды қолдау және оқыту бағдарламасына арналған.

T-50IQ – «әуе-әуе» және «әуе-жер» қаруын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін FA-50 жеңіл жауынгерлік ұшақтың нұсқасы.

2013 жылы қол қойылған келісімшартта ұшақтың жеткізілуі 2016 жылғы сәуірде басталады деп қарастырылған, бірақ әртүрлі себептер бойынша кесте орындалмады. Ирак ӘӘК үшін дайындалған алғашқы IQAF 5001 нөмірі бар T-50IQ «Голден Игл» ұшағы
2015 жылғы 13 шілдеде алғашқы сынақ ұшуын жасады. 6 ұшақтан тұратын бірінші партия Ираққа 2017 жылғы 16 наурызда жеткізілді. 2018 жылғы мамырда Ирак ӘӘК тағы 6 көлікті алды.

Жоспарланғандай, Ирак ӘӘК-ге тапсырыс берілген барлық 24 ұшақты жеткізу келесі жылдың басында аяқталатын болады.