2017 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштері екі орынды оңтайлылығы жоғары, көп мақсатты екі «Су-30СМ» жойғыштарымен толықты. Ұшақтарды «Иркут» ғылыми-өндірістік корпорация» кәсіпорны дайындаған. («Иркут» корпорациясы).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындау мақсатында 2016-2018 жылдары Қазақстанға «Су-30СМ» жойғыштарын жеткізу туралы «Иркут» Корпорациясымен шекті келісімшартқа қол қойылған болатын, сондықтан біздің республикамызға ұшақтарды жеткізу ішкі ресейлік баға бойынша жүзеге асырылатынын айта кету керек.
Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту жұмыстарын жалғастыруда.