Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 9 шілдедегі №116 өкімімен 2020 жылдың 13 шілдесінде коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтар туралы еске алу үшін Қазақстан Республикасында Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату операторлары қызметінің регламенті, ақпараттық интернет-ресурстарды, сондай-ақ Ұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдардың ресми сайттарын ресімдеу бойынша ұсынымдар әзірледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын, телерадио хабарларын тарату операторларын, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын ұсынылатын ұсынымдарды ұстануға, сондай-ақ Ұлттық аза тұту күні үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді сақтауға шақырады.