«Армия-2018» ХӘТФ-дағы қарқынды көрсетілімге қатысатын жауынгерлік техниканың саны артатын болады

ӘҚСТО, 9 шілде. «Армия-2018» форумының келушілері еркін қолжетімділікпен ең жаңа жауынгерлік техниканы қарап қана қоймай, сонымен бірге қарқынды көрсету барысында оның жауынгерлік сипаттамасымен де таныса алады.

Оған қатысатын нысандардың саны былтырғы жылғы форуммен салыстырғанда артқан.

«Патриот» конгресс-көрме орталығында ең жаңа броньды танк, автомобиль, артиллериялық және басқа да жауынгерлік техникалар ұсынылатын болады, оларды келушілер ашық қолжетімділікте көре алады және ресейлік қорғаныс өнеркәсібі кешенінің үздік нысандарын дербес бағалай алады.

Қонақтарға Құрлық әскерлерінде, оның ішінде әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныста және зымыран әскерлері мен артиллерияда қарулануда тұрған 90-нан астам қазіргі заманғы нысандардың жауынгерлік мүмкіндіктері көрсетіледі.

Сонымен бірге мынадай перспективті жауынгерлік техника нысандары ұсынылатын болады: артикалық үлгіде орындалған «Тор-М2 ДТ» ең жаңа зенитті зымыран кешені, «Бумеранг» броньды транспортеры, «Курганец» жауынгерлік жаяу әскерлер машинасы (ЖЖМ), «Тайфун-К» броньды автомобилі және «Корнет» танкіге қарсы жүйесі бар «Тигр» арнайы көлік құралы, жаңа буын танкі Т-14 «Армата», САУ «Коалиция-СВ».

«Жауынгерлік техниканың барлық перспективті нысандары барлық келушілер үшін жалпы қолжетімділіпен форумның ашық алаңында экспонаттанатын болады», деп хабарлайды Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникация департаменті.

«АРМИЯ-2016» халықаралық әскери-техникалық форумы өз жұмысын 2018 жылғы 21 тамызда «Патриот» аумағында бастайды.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/220843_kolichestvo_boevoi_tehniki_uchastvuyushei_v_dinamicheskom_pokaze_na_mvtf_armiya2018_budet_uvelicheno.html