Астана қаласында мемлекеттік материалдық резервтер мәселелері бойынша ТМД елдерінің өзара іс-қимылы талқыланды

15 тамызда Астана қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқару саласындағы мемлекеттік органдардың басшылары консультативтік кеңесінің ХІV отырысы ашылды.

Алғашқы сөз ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов сөйледі. Өз сөзінде ол төтенше жағдайлар, табиғи және техногенді апаттар кездегі мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің рөлін атап өтті.

Іс-шараға Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Материалдық резервтер департаментінің бастығы Е.В. Бондарь, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қоры төрағасы К.А. Айдаров, Молдова Республикасы Ішкі істер министрлігінің Материалдық резервтер агенттігінің директоры Э.В.Гажиу, Розрезерв басшысының орынбасары Е.В. Абрамова, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Н.А. Ахмадзода қатысты.

Консультативтік кеңес отырысының жұмысын Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Б.З. Иманәлиев басқарды.

Кездесу барысында мемлекеттік материалдық резервтер жүйелерін ғылыми-техникалық дамыту саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің консультативтік кеңесі мен негізгі ұйымының жұмысының қорытындылары, өткен жылға кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік материалдық резервтер ұлттық жүйесін дамыту және сақтау мерзімдерін ұлғайту және материалдық құндылықтарды сақтау саласындағы инновациялық әзірлемелер мәселелері қаралды.

Талқылау барысында қатысушылар мемлекеттік қорлар жүйесін цифрландыру, сондай-ақ радиациялық және химиялық қорғау мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесу соңында тиісті хаттамаға қол қойылды.

Анықтама:

Консультативтік кеңестің негізгі қызметі мемлекеттік материалдық резервтер ресурстарын қалыптастыру, сақтау және қызмет көрсету бойынша көпжақты ынтымақтастықты дамыту, оларды төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, гуманитарлық көмек көрсету, тәжірибе алмасу, сондай-ақ кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастыру және қызметкерлердің біліктілігін арттыру. болып табылады.

Консультативтік кеңес ТМД елдерінің мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы салалық ынтымақтастықтың жалғыз органы болып табылады.