Бүгін Астанада жыл сайын өтетін «Қазақстандағы ғарыш күндері: Қазғарыштың 25 жылдығы» Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.
Биыл «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы алғаш рет «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі шеңберінде өтеді. Көрменің ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Форум екі күн өтеді: 2018 жылдың 23 және 24 мамыр.
Іс-шараның мақсаты – экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ отандық ғарыштық саланың жетістіктерін насихаттау.
Форум өзін отандық және халықаралық қауымдастықтарында ғарыш қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаңы ретінде дәлелдеді, оның өткізілуі дәстүрге айналды және 2013 жылдан бастап ол жыл сайын өткізіліп келеді.
Биылғы шараға 500-ден астам ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ғарышкерлер, танымал ғалымдар, әлемнің ғарыш технологиясы саласындағы жетекші компанияларының мамандары қатысуда. Әлемнің 20-дан астам мемлекет таныстырылды: Ресей Федерациясы, Франция, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Үндістан, Белоруссия, Италия, Испания, Канада, ҚХР, Корея, БАӘ, АҚШ, Жапония, Швейцария және т.б.
Форум жұмысына ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығы, ҚР Парламенті депутаттары, отандық және шетел ғарышкерлері, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің стратегиялық серіктестері (Роскосмос, «Airbus Defence and Space» және т.б.), отандық және шетелдік ғарыш ұйымдары (М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы, М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ, Leica Geosystems, Antrix Corporation Limited, S.E.R.E.M.E, THALES ALENIA SPACE) және тағы басқалар қатысып отыр.
Халықаралық форумның биылғы демеушілері: платина демеушілері — Airbus Defence and Space, Hexagon Geospatial, Leica Geosystems; алтын демеушілері – Planet, DigitalGlobe; күміс демеушілері – IABG, SUNACS, Satrec Initiative, SSTL, DEIMOS IMAGING компаниялары.
Іс-шара аясында Қазғарыштың 25 жылдығына арналған пошталық марканы «KADEX — 2018» эмблемасы бар алғашқы күн конвертінде арнайы пошта мөрқалыбымен соғудың салтанатты рәсімі өтті.
Бұдан басқа, бүгін «KazEOSat-1» дәлдігі жоғары Жерді қашықтықтан зондтау қазақстандық спутнигі «KADEX-2018» Көрме аумағында ғарыштық түсірілім өткізді.
Форумның пленарлық отырысын ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин ашты. Ол Қазақстан экономикасы түрлі салаларының тиімділігін жоғарлатудағы ғарыштық технологияларын қолданудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, өз құттықтау сөзін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және ҚР Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқыш-ғарышкер, ҚР Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев айтты.
Форумның пленарлық отырысы аясында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Марат Нұрғожин Қазақстанның ғарыш қызметінің дамуы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, «Airbus Defence and Space» компаниясы (Франция), «Роскосмос» Мемлекеттік корпорация (Ресей), БАӘ Ғарыштық агенттігі, Украинаның Мемлекеттік ғарыштық агенттігі, Жапонияның Аэроғарыш зерттеулер агенттігі, «Thales Alenia Space» компаниясы (Италия), «М.Ф. Решетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ (Ресей) және басқа да ұйымдар басшылығының өкілдері баяндама жасады.
Форумның бірінші күні Қазақстан ғарышкерлері, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары және шетел стратегиялық әріптестерін «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапаттаумен аяқталды.
Екінші күні (ү.ж 24 мамыр) форумның мазмұны алғашқы күннен кем болмайды деп күтілуде. Ертең Халықаралық форумның жұмысы 4 секцияның шеңберінде өтеді, ол мынандай тақырыптарға арналған:
Жерді қашықтықтан зондтау және навигация;
Байланыс және телекоммуникация;
Ғарыштық техниканы өңдеу;
Ұшыру қызметтері.
Еуразиялық аэроғарыш конференциясы: «Аэроғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың заманауи трендтері» өтеді.
Шара барысында түрлі презентациялық шеберлік сабақтары жүргізіліп, ғарыш саласындағы жетекші компания өкілдері баяндама жасайтынын айта кетуіміз керек.
Халықаралық форумның қорытындысы, шараның қорытынды қарарына және серіктестермен ресми құжаттарға қол қою рәсімі және Форумның ресми жабылуы да 2018 жылдың 24 мамырында өтеді.