Беларусь Қазақстанға ГПМ-72 өрт сөндіру танкілерін жеткізеді

Астана қаласында өтетін «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне
Т-72 танкі негізінде шыңжыр табанды өрт сөндіру машиналарын жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы «Қазарнаулыэкспорт» хабарлады.

Белоруссиялық «140-ші жөндеу зауыты» арсеналдарда, қоймаларда және оқ-дәрілерді сақтау базаларында жұмыс істеуге арналған ГПМ-72 өрт сөндіру танкісін әзірледі.

Брондалған машиналар екі адамнан тұратын экипажды жарылыстардан және оқ-дәрілердің ұшатын бөлшектерінен сенімді қорғайды. Өрттерді тиімді сөндіру қашықтан басқарылатын лафетті оқпанмен қамтамасыз етіледі.

Машинаның салмағы 41000 кг-ға жетеді. Су ыдысы 10 000 кг. Көбіктеуге арналған сыйымдылық – 1000 кг. Сумен қамтамасыз ету қашықтығы – 70 м, қозғалтқыш қуаты – 780 а.к. Жылдамдығы -40 км / сағ. Отынның қоры – 700 литр.

Алексей Брусилов, Алексей Моисеев

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/216259_belarus_postavit_v_kazahstan_pozharnyie_tanki_gpm72.html