Астанада V Халықаралық «KADEX – 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрме ашылды

2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында өтетін мерейтойлық V Халықаралық «KADEX – 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне Қорғаныс министрліктері мен мекемелер басшылары, сондай-ақ алыс-жақын шетелдік ірі кәсіпорындардың жетекшілері қатысады.

Бұл Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін алғашқы көрме.

Бүгінгі күні Ресей, Белорусь, Қырғызстан, Армения, БАӘ, Түркия, Иордания, Әзірбайжан, Египет, Израиль, Италия, Монғолия және басқа елдердің 40-тан аса ресми өкілдері Көрмеге қатысатынын растады. Сонымен қатар  108 шетелдік кәсіпорындардың басшылары «KADEX – 2018» көрмесіне қатысуға ниеттеніп отыр.

Экспонент ретінде «KADEX – 2018» Көрмесінде Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Индия, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінен 318 кәсіпорын өз өнімдерін көрсетеді.

Көрмеде әлемнің жетекші өндірушілернің қару-жарақ және әскери техника, әскери және екі мақсаттағы өнімдері, ғарыш техникалары мен технологияларының үлгілері, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелер ұсынылады.

Бұл көрме 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара оңтайлы байланысты орнату мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға және Қорғаныс күштерін технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды.

Көрмеге қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласындағы отандық және шетелдік кәсіпорындар, жетекші конструкторлық бюролар, ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша ғылыми-зерттеу институттары қатысады.

«KADEX – 2018» көрмесінің келушілері қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктері және келешегі бар ғылым жаңалықтарымен, сонымен бірге ашық көрме алаңында 124 бірлік құрлық техникаларымен, 18 бірлік әуе және ұшқышсыз техникаларымен таныса алады.

Биылғы жылы көрмеде 10 павильон жұмыс істейді, олардың ішінен: Түркия, Қытай және Ресейдің 3 жеке павильоны, қазақстандық «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары, одан бөлек, космонавтика саласының жетекші үлгілері ұсынылатын ғарыш қызметіне арналған павильон алғаш рет қойылып отыр.

Шара барысында ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің үлгілік көрсетілімдері мен қазақстандық әскер қаруларының қарамағына кіретін жауынгерлік техника мүмкіндіктерінің көрсетілімі болады.

Көрменің ерекше жаңалығы – оның аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумының алғаш рет өтуі мен Көрменің орталық диалогтық аумағы ретінде «Cyber and Digital Security» және «Advanced Def Tech» конференцияларының ұйымдастырылуы болмақ.

Бұл шараларда әлемнің түрлі елінен келген мамандар мен эксперттер қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңдегі киберқорғаныс жөніндегі сұрақтарды талқылайтын болады.

Көрменің алғашқы күні Қазғарыштың 25 жылдығына арналған «KADEX – 2018» эмблемасымен бірге арнайы пошта мөрқалыбы соғылған алғашқы күн конверті пошталық марканы соғу салтанаты өтеді.

Көрмеде қазақстандық «қорғаныс» кәсіпорындары өндірген қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың заманауи үлгілері көрсетіледі.

ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы өз өнімдерін көрсететін жеке павильон ұсынады, ол жерде Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші әзірлемелері көрсетілетін болады.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» бұл – жаңа үлгідегі құрышпен қапталған дөңгелекті: «Барыс» түріне жататын 6х6 және 8х8 дөңгелекті формуладағы, сонымен бірге «Арлан» және «Алан»  түріне жататын 4х4 дөңгелекті формуладағы машиналарды ұсынатын «KADEX-2018» көрмесіндегі еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп саласының көшбасшы кәсіпорны.

«Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС электронды-оптикалық өнімдерді өндіретін табысты жоба болып табылады. Оған 2013 жылдан бері ТМД бойынша теңдесі жоқ электронды-оптикалық өнімдер салынды. Зауыт Көрмеге барлау және бақылау құралдары, оптикалық нысаналар, түнде көру құралдары, радиостанциялар сияқты өз өнімдерін қояды.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Семей машина жасау зауыты» АҚкөрменің әлеуетті тапсырыс берушілері мен қатысушыларының назарына шынжыр табанды тасымалдау-тартқышын (ШТ-Т)  көрсетеді, ол жоғары өтімділікті негізгі корпусы және алдыңғы жетекті доңғалақтары бар жоғары жылдамдықты жүзу машинасы. Ол машина экологиялылығы, құрылымының қарапайымдылығы, жөндеуге өте жақсы жарамдылығымен ерекшеленеді және құмды жерлерде төмен жүктеме қабілетімен күрделі климаттық жағдайлардағы жұмыстарға пайдалануға арналған.

Қазақстандық «Тыныс» зауыты Көрмеде әлеуетті құрылымға арналған амуницияны, сонымен қатар автокрандар мен арнайы техниканы ұсынады. Кәсіпорын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы павильонында брондалған жилеттерді, брондалған жүйелерді, жүк түсіргіш жилеттерді, тактикалық белдіктерді, танк шлемофондарын, оқтан қоғайтын дулығаларды, соққыға қарсы қалқандарды қояды.   

Бұл тек бірнеше мысал ғана. Құрышты танк қару-жарақ және техника әуеге қарсы қорғаныс, ату қарулары және басқа да салаларда жобалар бар.  Яғни, біздің кәсіпорындар бүгінгі таңда ҚӨК саласында көптеген жобаларды жүзеге асырып отыр. Бұл Қазақстан қорғаныс өнеркәсібінің жаңа даму деңгейіне шыққанын дәлелдейді.

Біздің міндетіміз тек әскери және арнайы мақсаттағы өнімді шығару мен ҚӨК отандық кәсіпорындар мен кооперациялық ынтымақтастықты дамыту ғана емес, сонымен қатар отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнімінің әлемдік қару-жарақ нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату болып табылады.

Осы «KADEX – 2018» Көрмесінде алғаш рет ғарыш саласына арналған жеке павильон құрылды.

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы аясында «Аэроғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың заманауи трендтері» атты Еуразиялық аэроғарыш конгресі өтеді, онда қазақстандық және шетелдік мамандар ғарыш саласы бағытындағы ынтымақтастықты, оның негізгі даму трендтерін талқылайды.

Айта кету керек, Көрменің имидждік өнімдерін әзірлеуші және павильондардың дизайн қазақстандық суретші Серік Буксиков.

Көрменің көрсетілім бөлімінен басқа, бұл шараны өткізудегі негізгі басымдық тәжірибелік құрамдас бөлікке берілді. Яғни, ресми шаралармен бірге іскерлік бағдарламаларда да әскери-техникалық ынтымақтастық саласы бойынша  алыс-жақын шетелдердің ұйымдары және кәсіпорындарымен бірге бірқатар тәжірибелік құжаттарға – меморандумдар мен келсімдерге қол қою жоспарлануда.

«KADEX – 2018» көрмесі бизнес өкілдері, әскери мақсаттағы өнімдерді өндірушілер мен жасауышылар, бейінді министрлік мамандары мен мемлекетаралық қатыснастары мен сыртқы саяси көзқарастары тәуелсіз түрлі елдер ұйымдары үшін конструктивті диалог алаңы болады.

Көрме алаңында әскери-техникалық ынтымақтастықты және ғарыш саласындағы серіктестікті дамыту мен нығайту мақсатына арналған 50 шақты меморандум, келісімшарт, келісімдер мен хаттамаларға қол қою жоспарланып отыр.

«KADEX-2018» отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнәркәсібі, ғарыш, киберқорғаныс салалары үшін маңызды оқиға болады және олардың халықаралық аренада дамуына серпін береді.