«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК ҚР ҚК мұқтаждары үшін кезекті СУ-30СМ ұшақтарын жеткізді

«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК ҚР ҚК мұқтаждары үшін кезекті СУ-30СМ ұшақтарын жеткізді

«KADEX-2018» халықаралық қару-жарақ және технологиялар көрмесінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК мен «Иркут» корпорациясы» АҚ (Ресей Федерациясы) арасында жасасылған келісімшарт шеңберінде ҚР ҚК мұқтаждары үшін Талдықорған қаласындағы авиациялық базаға кезекті 4 (төрт) СУ-30СМ ұшағын толық көлемде жеткізу жүзеге асырылды.

Су-30СМ – 4++ ұрпағының ауада үстемдік алуға арналған көп мақсатты ауыр жойғышы.

Бүгінгі күні Су-30СМ әлемдегі ең үздік жойғыш болып табылады және тамаша сипаттамалары бар.

Аталған ұшақтарды жеткізу қазақстандық ӘӘК авиациялық паркін біріздендіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік берді.