Балтық флоты 2018 жылы С-400 кешенімен толығады

Балтық флотының (БФ) ӘҚҚШ құрамасы 2018 жылы тағы бір С-400 «Триумф» зенитті зымыран кешенімен толығады деп БФ бойынша БӘО баспасөз қызметінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы 1-дәрежелі капитан Роман Мартов бейсенбі күні хабарлады.

Сонымен қатар, Балтық флотының материалдық бөлігінің қайта жаңғыруы жалғасады – зымыран корабльдерінің қосылысына жаңа жобаның кіші зымыран корабльдері қосылады, ал флоттың ӘШҚҚ құрамына тағы бір С-400 ЗРК кешенімен толықтырылады.

Келесі жылы флоттың күштері мен әскерлері бірнеше бағыттардағы жауынгерлік жаттығулардың ондаған іс-шараларына қатысады, мұнда флоттың корабльдерінің және кемелерінің экипажы флотаралық өтулер мен Атлантикаға, Арктикаға, Шығыс Жерорта теңізіне, Үнді және Тынық мұхитарына алыс сапарға жүретін болады.

БФ-де де теңіз авиациясы бөлігінде толықтыру күтіледі, оның шеңберінде жаңа және жаңартылған Су-30СM ұшақтары мен Ka-27M тікұшақтарын алу жоспарлануда. 2018 жылдың тамыз айында Хмельевка жаттығу алаңында «Теңіз десанты-2018» халықаралық кәсіби дағды конкурсын өткізу атаулы іс-шара болады.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/202998_baltiiskii_flot_v_2018_godu_popolnitsya_kompleksom_s400.html