2018 жылғы 25-29 сәуір аралығында Германияда Халықаралық Берлин аэроғарыштық көрмесі өтті (ILA Berlin Air Show).
Осы әуе шоуда Airbus, Dassault және Leonardo алғаш рет «Евродрон» деп аталатын перспективті екпінді ұшқышсыз ұшатын аппарат моделін (UAV) алғаш рет ұсынды. Қорғаныс жаңалықтары атап өткендей, ол өлшемі бойынша жаңа құрылғы толыққанды ұшақты еске салады.
Әзірлеушілердің жоспары бойынша, ұзаққа ұшатын орташа биіктікті ұшқышсыз үшатын ұшақтар екі турбиналық қозғалтқыш қондырғысын алады және түрлі қару-жарақ түрлерімен шабуылдай алады. «Евродрон» 2020 жылдың ортасына қарай ұшуға дайын болады деген болжам бар.
Жобада Германия, Франция, Италия және Испанияны қатысады, алайда, жетекші позицияны Airbus неміс бөлімшесіне алады. Берлиндегі әуе салонда ұсынылған макет 2017 жылдың ортасына қарай серіктес елдермен келісілген дизайнға негізделген. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ұшатын аппаратқа қойылатын талаптар жүйесін анықтау бағдарламасының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең 2018 жылдың соңына дейін аяқталады.
«Алда әлі де көп жұмыстар жүріп бар, бұл толық ауқымды модель тек алғашқы шекараны білдіреді», — деп мәлімдеді «Airbus» компаниясының ғарыш және қару-жарақ басқармасының бастығы Дирк Хок. Оның сөзіне қарағанда, «Евродрон» алтыншы буынның жаңа жауынгерлік ұшағын әзірлеуде белгілі бір кезең болуы мүмкін, оны жобалауын қазір Франция мен Германия жоспарлап отыр.
Дереккөз: https://военное.рф/2018/Бпла14/