Ресей армиясы қорғалған ұялы телефондармен қаруланды
Ресей Қорғаныс министрлігінің «Аса маңызды» құжаттарға (АМ, Ресейдегі құпиялылықтың ең жоғарғы санаты) жіберілген армия командирлеріне қорғалған ұялы телефондар беріле бастады. 115 мың рубль тұратын құрылғылар азаматтық ұялы желілер арқылы, оның ішінде шетелден Ресей Федерациясының шифрланған әскери байланыс желілеріне шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлады «Известия» газеті.