Орал «Зенит» зауыты жаңа катерлер жасауда

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ «Көгершін 450» және «Көгершін 650» жобалары катерлерінің өндірісін іске қосты.

Жаңа катерлер, бұрын жасап шығарылған және алдағы уақытта жасалатын кемелердің жиынтығына кіретін және өзінің қызмет ету ресурсын толықтай жұмсаған жұмысшы катерлерді ауыстыратын болады.

Бұл катерлер жүзу құралы ретінде, олардың негізгі мақсаты мемлекеттік шекараның мемлекеттік аумақтық және Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі құрлықтық қайраң суларын күзету кезінде заң бұзушыларды тез ұстау болып табылатын тексеру топтарын орналастыруға арналған жүзу құралы ретінде қолданылады.

Катерлерге 6-8 адамға дейін сидыруға болады және тиісінше күндізде, түнде де болған кезде қолданылады.

Катерлерді құрастыру және жасау кезінде заманауи кеме жасау тәжірибесінің шарттары мен талаптары ескерілген. Оларда тек жоғарғы сапасымен, мықтылығымен және жөндеуге жарамдылығымен сипатталатын материалдар, тетіктер, құрылғылар және жабдықтар, сонымен қоса саймандар мен құралдар қолданылады.

Әлеуетті тұтынушылардың талаптары бойынша әртүрлі мақсатта қолдана алатын, атап айтқанда, құтқару-іздеу жұмыстары, су аумақтарын торуылдау, балыққорғау инспекциясының қажеттіліктері, теңіздердің жағалау аудандарында және ішкі су жолдарында қызметтік жүріп тұру және қызметкерлерді тасымалдау үшін және басқа мақсатта қолдану үшін катерлердің әртүрлі жиынтықтары және жабдықтаулары ұсынылатын болады.

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ы,  Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің  сенімгерлік басқаруындағы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы АҚ-ның құрамына кіреді.