Dubai Airshow 2017 әуе салонының үш жұмыс күні ішінде БАӘ ҚК 3,5 млрд долларға келісімшарттарға қол қойды

Ағымдағы жылғы 14 қарашада БАӘ ҚК Dubai Airshow 2017 көрмесінің алғашқы үш жұмыс күнінде жалпы сомасы 13,13 млрд. дирхамға (шамамен 3,57 млрд. долл.) бірнеше ондық келісімшарттарға қол қойылғандығы туралы жариялады.

Khaleej Times хабарлауынша көрменің үшінші жұмыс күнінде БАӘ Қарулы Күштері әуе бомбаларының құрамдастарын, материалдық қамсыздандыру жабдықтарын, радиолокациялық жүйелерге техникалық қызмет көрсетуді сатып алу және жаңғыртуға арналған келісімшарттарға қол қойды.

БАӘ Қарулы Күштері сондай-ақ Dassault және Thales компанияларымен «Мираж-2000-9» жойғыштарын жаңғыртуға арналған келісімшарттарға қол қоюға ниетті екендігі туралы хабарлады. Мәміле құны жарияланбайды. Ұшақтарды қайта жабдықтау болжаммен алдағы он жыл ішінде орындалады. Қазіргі уақытта техникалық мамандар ерекшелікті даярлауда және жобаның егжей-тегжейін келісуде. Жоба туралы осыған ұқсас ақпарат кейінірек ашылатын болады.

Америкалық Raytheon компаниясымен БАӘ ҚК-ға GBU-12 және
GBU-10 әуе бомбаларының құрамдастарын жеткізуге құны 2,5 млрд. дирхам тұратын келісімшартты жасасты. CAE Maritime Middle East компаниясымен оқу орталығы үшін құны 157 млн. дирхам тұратын қашықтықтан басқарылатын жүйені құруға арналған келісімшартқа қол қойылды. Құны 41,32 млн. дирхам тұратын Air Tractor сызығының жеңіл жауынгерлік ұшақтарды жаңғыртуға және қызмет көрсетуге арналған тағы бір келісімшарт IOMAX компаниясымен жасасылды. Rheinmetall Air Defense компаниясы БАӘ ҚК-мен 36,67 млн. дирхам сомаға ӘШҚҚ жүйесіне арналған 35 мм оқ-дәрілерді жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойды. Құны 37 млн. дирхам тұратын МК-82 және МК-84 бомбаларын сатып алуға аналған келісім MKEK (Mechanical and Chemical Industry Corporation) Түркия компаниясымен жасасылды.

БАӘ Қарулы Күштері Etihad Airways ұлттық әуе тасымалдаушымен 168,28 млн. дирхам сомаға көлік қызметін қамтамасыз етуді көздейтін келісімшартқа қол қойды.

«Белтехэкспорт» Белорусь компаниясы жалпы құны 57,55 млн. дирхам тұратын келісімшарт аясында радиолокациялық жүйелерге техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру жөнінде қызмет көрсететін болады. 305,45 млн. дирхам құны бар екі жылдық логистикалық қолдауымен телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт БАӘ-де орналасқан C4 Advanced Solutions компаниясымен жасасылды.

Ертеректе 13 қарашада БАӘ Lockheed Martin компаниясымен құны
6 млрд. дирхамға (1,63 млрд. долл.) бағаланған 80 (сексен) F-16E/F Блок.60 жойғышты жаңғырту туралы келісімге қол қойылғандығы туралы хабарлады.

 

 

Дереккөздер:

http://www.armstrade.org/includes/periodics/mainnews/2017/1115/094344123/detail.shtml

http://военное.рф/2017