ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың Иорданияға сапары барысында оны Иордания Королі Абдолла ІІ қабылдады.
Корольдің қабылдауы кезінде әскери-техникалық мәселелер бойынша ынтымақтастық ету, киберқорғаныс және ғарыш салалары төңірегінде өзара қарым-қатынас орнату талқыланды.
Әңгімелесу қорытындысында тараптар екі жақты әріптестікті арттыру серпіні оң екенін атап өтті және оны ары қарай нығайта түсуге ниет білдірді.
Қазақстандық өкілдер иорданиялықтарды а.ж 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.