«KADEX-2018» көрмесінің екінші күнінің қорытындылары

Ресейлік, француздық және израильдік қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарымен авиациялық техникаларды және авиациялық жабдықтарды жеткізу туралы келісімшартқа қол қою көрменің қарқынды іскерлік бағдарламасының екінші күнінің қорытындысы болды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК ресейлік авиақұрылысшылармен екі келісімшарт жасасты.

Сонымен, бірінші келісімшарт бойынша «Иркут» КАҚ Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштеріне Су-30СМ ұшағын жеткізеді, ал екінші «Рособоронэкспорт» АҚ келісімшарты бойынша «Вертолеты России» Қазақстанның авиация армиясы үшін Ми-35М тікұшағын жеткізеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директоры Арман Қайырбекұлы Рамазанов «Safran Electronics and Defense» пен «Thales Avionics SAS» француз компанияларының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ авиониканы жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойды

Одан басқа Кәсіпорын «Elbit Systems» Израиль компаниясымен «Skylark 1-LEX» ҰҰА-ны және «Atlas-LT» нысаналарды табатын портативті жүйені жеткізуге арналған келісімшартты жасасты.

«KADEX-2018» көрмесінің екінші күнінің соңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директоры Арман Қайырбекұлы Рамазанов пен ресейлік «Военно-промышленная компания» ЖШҚ бас директордың орынбасары Александр Владимирович Береговой Қазақстаның әлеуетті құрылымдарына ВПК-233136 «Тигр» арнаулы брондалған машиналарды жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директорының орынбасары Олжас Анатолийұлы Елеусізов «Arsenal 2000» (Болгария) АҚ-ның атқарушы директоры Христо Ибушевпен оқ-дәрілерді өткізу мәселесі жөнінде жұмыс кездесуін өткізді.

Бүгін кәсіпорын бас директоры Арман Қайырбекұлы Рамазанов Қазақстанның бұқаралық ақпараттар құралдарына «KADEX-2018» көрмесінің жұмыс барысындағы кәсіпорынның қызметі жайлы сұхбат берді. Сондай-ақ, ол журналисттердің компаниялармен қару-жарақты, әскери техника мен пайдаланылмайтын әскери мүлікті сатып алу және өткізу үшін жасасылған және қол қойылған келісімшарттар туралы сұрақтарына жауап берді.