«KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі

Астана қаласы (Қазақстан Республикасы) 2018 жылғы 23-26 мамыр кезеңінде «KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өткізіледі.

Көрме 2010 жылдан бастап өткізіледі және өзін әлемдік қорғаныстық өнеркәсіп саласындағы соңғы жетістіктерді таныстыруға арналған тиімді алаң ретінде көрсетті.

«KADEX-2018» көрмесінде әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарағы мен әскери-техникасы ұсынылады. Ғарыш өнеркәсібі өнімінің жеке павильоны бірінші рет ұйымдастырылатын болады.

Қазіргі күні Кәсіпорын көрмеге қатысу үшін қорғаныстық өнеркәсіптің ірі шетелдік компанияларын шақыру бойынша белсінді жұмыс жүргізуде, ол шетелдік өндірушілердің шығаратын өнімдерінің жаңалығымен таныстыруға, байланыс орнатуға және өзара тиімді ынтымақтастық бекітуге мүмкіндік алады.