Кот-д’Ивуар Белорустік «Кайман» броньды машинасын сатып алды

ӘҚСТО, 2018 жылғы 9 тамыз. Белгілі болғандай, Кот-д’Ивуар «140 жөндеу зауыты» ААҚ (Беларусь Республикасы, Борисов қаласы) әзірлеген 4×4 дөңгелек формуласымен «Кайман» жеңіл броньды машинасының алғашқы сатып алушысы болды.

Jane’s Defence Weekly хабарлағандай Белорусьта өндірілген жандармерияның қара түсті үш броньды машинасы Кот-д’Ивуараның Тәуелсіздік күніне арналған 2018 жылғы 7 тамыз  Абиджан қаласында өткен әскери парадта ұсынылды.

 Бұрын 2017 жылғы мамырда «Кайман» броньды машинасын Беларусь Республикасы ҚК-нің қарулануына алынғандығы туралы жарияланды.
2018 жылғы қаңтарда Беларусьтың Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитет төрағасы Олег Двигалев Африканың аталмаған елдерінің біріне «Кайман» броньды машиналарының экспорттық жеткізулердің басталғандығы туралы хабарлады.

Броньды машина барлау және диверсиялық операцияларды жүргізуге, әскери лектерге еріп жүру және патрульдеуге арналған. ББM салмағы шамамен 7 тонна. «Кайман» ББM есеппен алты адамды тасымалдауға арналған.

«Минский моторный завод» дайындаған 170 а.к. қуаты бар Д-245.30Е2 қозғалтқыш шосседе 100 км/с  макисмалды жылдамдыққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Шоссе бойынша қозғалған кездегі жүру қоры – 1000 км . Дайындықсыз машина 8 км/с жылдамдықта жүзу арқылы су тосқауылдарын еңсере алады.

Қаруландыру ретінде 7,62 мм пулемет, 30 мм AГС-17 гранатаатқыш, 12,7-мм НСВ «Утес» пулеметі бар Белорусьте жасалған «Адунок» жауынгерлік модулі қолданыла алады. Борттағы және кормдағы құрыш STANAG-4569 Level.1 талаптарына сәйкес баллистикалық қорғанысты қамтамасыз етеді.

Салқындату жүйесі құрылғыны қоршаған ортаны +50С градус температурада пайдалануға мүмкіндік береді. Белоруссиялық өндірістің қазіргі заманғы аспаптары мен құрылғылары қозғалтқыш жұмыстарының барлық қамтамасыз ету жүйелерінің параметрлерін бақылауға мүмкіндік береді.

Бастапқыда бірқатар сарапшылар «Кайман» кеңестік БРДМ-2 модернизацияланған нұсқасы болып саналады деп мәлімдеді, алайда 140-ы жөндеу зауытының бас конструкторы Ольга Петрова бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның 2017 жылғы мамырдағы БелТА агенттігіне берген мәлімдемесіне сәйкес броньды машина 140-шы зауытта «нөлден» бастап әзірленді және оның құрамдас бөліктерінің басым бөлігі Беларусь Республикасында шығарылады.