«Козак-2» Украина броньды машиналары әскерге жіберіледі

Украин әскері жаңа оңдаған броньды машиналармен толтырылды.

2017 жылғы 2 қарашада ukrmilitary.com порталы «Практика» ғылыми-өнеркәсіптік бірлестіктің Украина Қорғаныс министрлігіне MRAP сыныптағы машиналардың бірінші партиясын жібергендігі туралы хабарлады.

«Козак-2» Украина броньды машинасы

Бірінші партияға он «Козак-2» броньды машинасы қосылады. Украина Қорғаныс министрлігі бұл Украина әскері үшін шығарылған MRAP сыныбының алғашқы автомобильдері екендігін хабарлады. Бұрын «Козак-2» машиналары Украинаның Ұлттық Ұланына және Мемлекеттік шекара қызметіне жеткізілген.

Соңғы жылдары әлемнің көптеген әскерлері MRAP (mine resistant ambush protected – жарылыстар мен тосқауылдан шабуылдарынан қорғалған) түріндегі автомобильдерін сатып алуда. Мұндай машиналардың орта және шағын калибрлі атыс қаруына қарсы тұруға қабілетті броны бар, сондай-ақ экипажды түбінің V-тәрізді нысанының арқасында миналардан мен қопарғыштардан қорғайды.

«Козак-2» броньды автомобильдері 2015 жылғы шілдеден бастап сериялық түрде шығарылады, бүгінгі күнде шамамен 100 бірлігі жиналды. Ағымдағы жылғы наурызда Қорғаныс министрінің № 158 бұйрығымен «Козак 2» Украина әскерінің қару-жарағына қабылданды.

Толық жетекті шассиде жасалған Iveco Eurocargo броньды машинаның салмағы 15 т. құрайды.

Ұзындығы (модификацияға байланысты) 6,6 7,1 м.

Автомобильгее 10 адамға дейін жайғаса алады.

Дизельдік қозғалтқыштың қуаты 280 с/л құрайды.

Машинаның баллистикалық қорғанысы STANAG level 2 деңгейінде, жарылыстан қорғанысы STANAG level 2a, 2b деңгейінде.

 

Дереккөз:

http://www.armsexpo.ru/news/vooruzhenie_inostrannykh_armiy/ukrainskie_bronemashiny_kozak_2_idut_v_armiyu/