MD Helicopters Кения Қарулы Күштеріне «Кайюс Уорриор» MD-530F тікұшағын жеткізеді

MD Helicopters Кения Қарулы Күштеріне «Кайюс Уорриор» MD-530F тікұшағын жеткізеді

MD-530F тікұшағы.  Сурет  www.minihelicopter.net.

ӘҚСТО, 3 қазан. MD Helicopters Inc. компаниясы (MDHI) АҚШ Құрлық Әскерлерімен «Шетелдік әскери сатулар» бағдарламасы шеңберінде Кенияның Қарулы Күштері үшін 6 (алты) «Кайюс Уорриор» MD-530F жеңіл барлау-соққы тікұшақтарын жеткізуге арналған келісімшартты жасасқандығын туралы хабарлады.

Келісім сондай-ақ, техниканың материалдық бастапқы қолдауын, борттық жүйелерді жеткізуді және жер үсті қосалқы жабдықтарын қамтиды. Алғашқы  жеткізілімдер 2019 жылғы сәуірде орындалатын болады. Барлық тікұшақтар 2019 жылы тамызда тапсырыс берушіге беріледі.

Бұл АҚШ  ҚӘ  қолбасшылығымен жасасылған ұзақ мерзімді келісім шеңберінде қол қойылған MD-530 тікұшағын жеткізуге арналған екінші келісімшарт болып табылады. ӘҚСТО-ның хабарлауынша, 2017 жылғы қыркүйекте АҚШ ҚӘ-нің келісмшарттар жасасу жөніндегі қолбасшылығы MD Helicopters компаниясымен АҚШ-тың серіктес елдері үшін шамамен
150 «Кайюс Уорриор» MD-530F жеңіл барлау-соққы тікұшақтарын (MD-530F «КайюсУорриор» және/немесе MD-530G) жеткізуге арналған бес жылдық келісімге  қол қойды. Келісімшарттың жалпы сомасы (барлық 150 машинаға тапсырс бергенде) 1,385 млрд. долларды құрайды. Келісім сонымен бірге техникаға қызмет көрсету, жеке құрамға  бағдарламаларды басқаруға үйрету және қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша қызметтерді көрсетуді қамтиды. Жеткізулер партиялармен жасалады. Сатып алулар көлемі мен жұмыс орны жеке тапсырыстар шеңберінде анықталады. Бағдарламаны іске асыру 2022 жылғы 31 тамызға дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Келісім шеңберіндегі алғашқы келісімшарт Ауғанстан ӘӘК үшін құны 176,6 млн. доллары тұратын қарулы нұсқасындағы 30 жаңа MD-530F ұшағын жеткізуді қарастырды. Бұл машиналарды жеткізу 2019 жылғы қыркүйекте аяқталады.

Осылайша, қазіргі уақытта MDHI-мен қарулы нұсқасындағы 36 (отыз алты) MD-530F «КайюсУорриор» тікұшағын жеткізуге келісімшарттар жасасылды.

Кениян ҚК-нің тікұшақтары жаңадан сертификатталған шыны Блок.1 ұшқыштар кабинасы, негізгі отын багынан және 38 қосымша галлондық отын багынан тұратын соққыға төзімді отын жүйесі, FN Herstal қаруымен басқарылатын жүйесі, (MCAS) DillonAero қайта құрастырылатын қару-жарақ жүйесі,  DillonAero көздеу жүйесі, 62 мм бронды қорғанысы, FN Herstal компаниясының 12,7 мм M3 пулеметі бар HMP400 пулеметтік контейнері, ПУ M260 жеті НАР бар кескіндемеде жеткізілетін болады. Машина сонымен бірге Harris RF-7850A және RockwellCollins HF-9000D радиостанцияларымен жабдықталатын болады.

 

Осы материалға арналған құқық ӘҚСТО-ға тиесілі.

 

Дереккөз:https://vpk.name/news/229899_md_helicopters_postavit_vertoletyi_md530f_kaiyus_uorrior_vs_kenii.html