LANCA 2.0.
Дереккөз: armyrecognition.com
Польшадағы MSPO 2018 Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде жергілікті Wojskowe Zakady Electroniczne (WZE) компаниясы кішкентай ұшатын объектілерді бейтараптандыруға арналған жаңа LANCA 2.0 ұшқышсыз ұшатын аппараттарымен таныстырады, деп хабарлайды armrecognition.com (2018 жылғы 6 қыркүйек).
Лаңкестердің қолында немесе қақтығыстар кезіндегі шағын ҰҰА-ның ықтимал қатері шындық болып табылады — бүгінгі күні бұл ұшатын аппараттар бақылаушы камераларды немесе күшті жарылғыш заттарды алып жүруі мүмкін. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар әскерлер мен қауіпсіздік күштеріне жаңа қауіп деңгейін құрды, сонымен бірге азаматтық электростанцияларына, спорт алаңдарына, кемелерге, темір жолдар мен құбырларға қауіпті кеңейтті.
Осы себептерге байланысты қарулы күштер мен қауіпсіздік күштері ұшқцышсыз ұшатын аппараттарға қарсы технология әзірледі. LANCA 2.0 класының жаңа апппараты электронды басуға арналған, ол 1000 м дейін қашықтықта ұшақтарды бейтараптандыруға қабілетті кең диапазон жиіліктеріне ие. Планердің жоғарғы жағында тактикалық нысан орнатылатын Picatinny рельсі бар.
Жақында поляк Қару-жарақ инспекциясы NIDA бағдарламасы бойынша жергілікті және халықаралық компаниялармен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) табу және оларға қарсы күрес жүйесін жеткізу бойынша техникалық сұхбат жүргізді.
Осы материалға құқығы «Военный паритетке» тиесілі
Дереккөз: https://vpk.name/news/227153_polskii_antidron_lanka.html