ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен аппараттық кеңесте өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.
Кездесуге ҚР ҚАӨМ-нің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствалардың басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Кеңесті аша отырып, Министр, Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналған және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Отырыс барысында осы бағдарламалық құжаттан шығатын ҚР
ҚАӨМ-нің мақсаттары мен міндеттері анықталды. Іс-шарада халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «қарапайым заттарды» өндіруге, осылайша импорт алмастыруды ұлғайтуға ҚӨК-тің отандық кәсіпорындарының әлеуетін пайдалану мүмкіндігі талқыланды, осылайша импорт алмастыруды ұлғайтады, қазақстандық ғарыш жүйелерінің экспорттық бағдарлау жұмыстарын жүргізеді, көрші елдердің нарықтарына Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің спутниктік бейнелерін ұсынуға жәрдемдеседі.
Кеңестің қорытындысы бойынша Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау бойынша нақты нұсқаулар берілді.