«Red Sun Qazaqstan» ЖШС (Қазақстан Республикасы) таныстыруы өтті.

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде CODAN Limited (Австралия) және JPS Interoperability Solutions (АҚШ) компанияларының ресми өкілі «Red Sun Qazaqstan» ЖШС «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК және Қазақстан Республикасының әлеуетті құрылымдары үшін радиостанциялар мен байланысты біріктіру жүйелерінің мультимедиялық таныстыруын өткізді.

Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар компания қызметінің басқа бағыттарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.