РМК “Қазарнаулыэкспорт” және МК “Узмахсусимпэкс” Меморандумға қол қойды

Қазақстан  Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің   «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Узмахсусимпэкс» мемлекеттік кәсіпорныынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум мәні серіктестік қатынастар орнату және Тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Құжат 2017 жылғы 15-16 қыркүйек кезеңіндегі Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумының жұмысы шеңберінде жасасылды.