«Рособоронэкспорт» АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді

2021 жылғы 21-22 маусым аралығында «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК мен «Рособоронэкспорт» АҚ (Ресей Федерациясы) арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуетті құрылымдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Жұмыс сапарында «Рособоронэкспорт» АҚ директорының орынбасары С.К. Корнев,  «Улан-Удэнский» авиационный завод» АҚ мамандары, сондай-ақ «Корпорация «Иркут» ЖАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей тараптары арасында негіздемелік шартқа қол қойылды. Тараптар, сондай-ақ өзара тиімді ұзақ мерзімді ынтымақтастық – олардың қызметіндегі басым бағыттардың бірі екендігін атап өтті.