Семей машина жасау зауыты Ресейге шынжырлы-тасымалдағыш-тартқыштар жасады

«Семей машина жасау зауыты» АҚ Ресейге төрт шынжыр табанды тасымалдағыш–тартқыш (ШТ-Т) жеткізуді жүзеге асырды.

Техниканы жасау өндірісі темір жол саласында жұмыс істейтін жеке компанияның арнайы тапсырысы бойынша орындалды.

«СМЗ» АҚ бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, тактикалық-техникалық сипаттамалары жақсартылған үлгісін құру үшін, шынжыр табанды тасымалдағыш-тартқыш ШТ-Т базалық моделі үлгісін жаңғырту бойынша, зауыт ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар өткізді.

2016 жылда қазақстандық кәсіпорын шынжыр табанды тартқыштың пилоттық данасынжасап шығарып, тиісті сынақтан сәтті өткізді.

«ҒЗТКЖ-ны жаңғырту бойынша базалық моделін шынжыр табанды транспортер-тартқыш ШТ-Т жетілдіруге рұқсат беріп және қазақстандық қамту мүмкіндігімен машинаны дайындау және бұл техника түріне орындауға қойылатын барлық талаптарымен, ол өзінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден кем түспейді», – деп атап өтті кәсіпорын басшысы.

Зауыт жоспарында – ресейлік компаниялармен ынтымақтасты жалғастыру.

«Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны, ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің сенімгерлік басқаруында тұр.