Тәжікстан Ресей қару-жарағының жаңа партиясын алды

2017 жылғы 19 желтоқсанда Душанбе қаласында Тәжікстанның қарулы күштеріне Ауғанстанмен шекараны күзету үшін Ресейдің әскери және әскери-техникалық жабдығының кезекті партиясы берілді. Бұл Тәжікстан қарулы күштерінің террорлық қауіпті көрсету бойынша мүмкіндігін кеңейтуге, Тәжікстан-Ауғанстан шекарасында сенімді тосқауыл құруға мүмкіндік береді.

Т-72Б1, БТР-80және БТР-70, БМП-2танкілері жәнеМи-24және Ми-8 тікұшақтары, Д-30гаубицалары, зениттік қондырғылар, топографиялық жабдық,броньды техникаға қосалқы бөлшектер, байланыс құралдары, тыл мүлік және көптеген атыс қаруы берілді.

РФ Қорғанысмині халықаралық әскери ынтымақтастық бас басқармасының бастығы генерал-майор Александр Кшимовский 2017 жылы Тәжікстанға 122 миллион АҚШ долларына әскери мақсаттағы Ресей өнімінің берілгенін атап өтті. Бұл ретте барлық көмекті РФ Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық көмек көрсету шеңберінде өтемсіз негізде жеткізуде.

Бұрын РФ Қорғанысмині «Ислам мемлекеті» құралымдарының саны қарқынды түрде өсіп келе жатқан Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірген. Ал Тәжікстандағы РФ елшісі Игорь Лякин-ФроловРИА Новости-де қазіргі уақытта Ауғанстаннан Тәжікстанға жауынгерлердің тікелей басып кіру қаупінің жоқтығын, алайда болашақта орын алуы мүмкін екендігін мәлімдеген.

 

Ақпарат көзі:

http://www.arms-expo.ru/news/vzaimodeystvie/rossiya_peredala_tadzhikistanu_novuyu_partiyu_vooruzheniya/