Thales тобы Өзбекстанның ӘӘК «Экюрэй» AS-350/H-125 тікұшақтары үшін ұшқыштар жаттығу құрылғысын орнатты.

 

2019 жылғы 18 қыркүйекте Thales  тобы Өзбекстанға «Экюрэй» AS-350/H-125 тікұшақтары үшін  ұшқыштар жаттығу құрылғысын орнатқандығын хабарлады,  осы елдің Әскери-әуе күштері ұшқыштарының бастапқы даярлауды қамтамасыз етуге арналған.

Jane’s Defence Weekly ақпараты бойынша жаттығу құрылғысы 2019 жылғы тамызда Қырғыстанмен шекаралас ауданында Өзбекстанның шығыс бөлігіндегі «Карши-Ханабад» әскери-әуе базасына жеткізілді. Жаттығу құрылғысы тікұшақты басқару ұшқыштарды және төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жаттығу құрылғысы 2019 жылы 2 қыркүйекте Өзбекстан Қорғаныс министрлігі басшылығының қатысуымен ресми ашылған жоғары әскери авиациялық училищеге тиесілі жаңа ғимаратта орналастырылады.

Thales-тің ақпараты бойынша училищеде 300-ге жуық өзбек курсанттарға оқыту ұйымдастырылады, нәтижесінде олар ұшқыштар және инженерлер біліктілігін алады.

 

Дереккөз  http://www.armstrade.org/includes/periodics/news/2019/0919/114054489/detail.shtml