Өзбекстан делегациясы қазақстандық қорғаныс кәсіпорындарына барды

2017 жылдың 16 қыркүйегінде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасында әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру аясында делегация өкілдері Өзбектсан қорғаныс-өнеркәсіптік Мемлекеттік комитетінің Төрағасы Атабек Ибадуллаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келді.

Анықтама:

2017 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкентке сапары барысында Қазақстан мен Өзбекстан әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойған болатын.

Құжатқа Қазақстан Рсепубликасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрі  Абдусалом Азизов қол қойды.

Қол қойылған Келісім әскери-техникалық салада өзара түсінік тең құқылы принциптер негізінде екіжақты ынтымақтастықты арттыруға сеп болады.

Өзбек делегациясы отандық қорғаныс-өнеркәсіп кәіспорындарында болып, өндіріс қуаты мен әскери мақсаттағы өндірілетін өнімдермен танысты.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан қорғаныс-өнеркәсіптік Мемлекеттік комитетінің Төрағасы Атабек Ибадуллаев әскери-техникалық бағыттағы, ғарыш саласындағы және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы кооперация мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР ҚАӨМ, ҚР ҚМ, ғарыштық ұйымдар мен қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорны өкілдерінің қатысуымен әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-өзбек бірлескен жұмыс тобының Бірінші отырысы өтіп, тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Әскери-техникалық ытымақтастық туралы Келісім шеңберінде қазақстандық «КАЕ» ЖШС бірлескен кәсіпорны Өзбекстанның Қорғаныс күштері үшін түнде көруге арналған құралдардың алғашқы партияларын жеткізуді іске асырғанын айта кету керек.

Сонымен бірге Өзбекстан экономикасының қажеттіліктері үшін қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау серіктерінен ғарыштық түсірілімдерін беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Шара барысында екі жақтың өкілдері қорғаныс және аэроғарыш саласы жөнінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты болашақта жандандыруға қызығушылық білдірді.

Әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-өзбек жұмыс тобының келесі отырысын 2018 жылы қыркүйек айында Ташкент қаласында өткізу жоспарланып отыр.

2017 жылы қараша айында құрылған Өзбекстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік Мемлекеттік комитеті мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын қалыптастырады және әскери мақсаттағы өндірісті ұйымдастырады. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әскери-техникалық саладағы Өзбекстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік Мемлекеттік комитетінің алғашқы серіктестерінің бірі болды.