Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті

2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті.

Семинарға Министрлік ведомстволарының және департаменттердің қызметкерлері қатысты.

Дәрісті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Камералдық бақылау бөлімінің басшысы Талғат Айдарбекұлы Исахметов және осы бөлімнің бас маманы Әсет Әділбекұлы Байқуанышев оқыды.

Семинар аясында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде туындайтын тәжірибелік мәселелер, өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу және қосымша келісімдер, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын қолдану мәселелері талқыланды.

Министрлік қызметкерлері мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.