Қазақстан мен Түркия көлік құралдары өндірісін бірлесіп дамытуға ниетті
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Otokar» түрік компаниясы көлік құралдары, оның ішінде броньді машина өндірісі бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Ол туралы Меморандумға 23-мамыр күні Астана қаласында екі кәсіпорынның басшылары Әсет Құманғалиев пен Сердар Гёргюч V Халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаңында қол қойды.