ЕАЭК-да мемлекеттік қолдаудың анықтығын көтеру

2017 жылғы 26 мамырда Казан қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ЕАЭК мүшелері ерекше субсидиялардың ерікті келісу жөніндегі келісімге қол қойды.

Келісімнің мақсаты – ЕАЭК елдерінде өнеркәсіптік өндіріс пен кооперацияларды дамыту, адал бәсекелестікті қалыптастыру, сондай-ақ экономиканың өнеркәсіптік секторларында мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, ашық және болжамды ортаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.

ЕАЭК мүше мемлекеттердің келісіміне сәйкес өз экономикасының белгілі бір кәсіпорындарына немесе салаларына субсидия беруді қалайтындар Еуразиялық экономикалық комиссияға осы шешімді келісуге өтініш бере алады. Комиссия тиісті талдау жүргізеді және ұсынылатын субсидиялардың қолайлы немесе қолайсыз болып табылатындығына шешім қабылдайды. Әлеуетті тәуекелдер анықталған жайдайда, талқылау жүргізіледі.

«ЕАЭК мүшелері ерекше субсидиялардың ерікті келісу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» федаралдық заң жобасы
2018 жылғы 25 қаңтарда Ресей Федерациясының Үкіметі отырысында қаралды және келісілді, сондай-ақ 2018 жылғы 30 қаңтарда Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына енгізілді.

Дереккөз: Росинформбюро