«РусОптикСистем» Ресей компаниясы бифокалды оптикалық нысандармен таныстырды

2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК мен «РусОптикСистем» компаниясы (Ресей Федерациясы) арасында екі жақты ынтымақтастықтың мүмкіндігін талқылау жөнінде жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында ҚР ҚК, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін Ресей компаниясы шығарған бифокалды оптикалық нысандармен танысу өтті.