Республикасында аккредиттелген әскери атташелердің өкілдері үшін брифинг өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы А.Ахметжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери атташелердің өкілдері үшін брифинг өтті.

Брифинг тақырыбы 2018 жылдың 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін V халықраралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін ұйымдастыру мәелелеріне арналды.

Шараға 15-тен астам елдің өкілдері қатысты.

Брифинг шеңберінде ҚР ҚАӨМ және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері әскери-дипломатиялық корпусты көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

Атап айтқанда, қонақтарға көрменің жалпы бағдарламасы, көрме шеңберіндегі іскерлік бағдарлама, ресми делегацияның протоколдық қамтамасыздандырылуы және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның өнімдері бойынша презентациялар ұсынылды.

Соңында «сұрақ-жауап» форматында сұхбат өткізілді.