«KADEX-2018» көрмесінде жаңартылған шынжыр табан техникасы қойылады

Қазақстандық «Қазақстан инжиниринг — 811 автожондеу зауыты» V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде КМ-ЖБ базасында брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуаторды  көрсетеді

Жаңғыртылған шынжыр табан техникасын шараның ашық алаңында көруге болады.

Жеңіл брондалған көп мақсатты тартқыштың базасындағы БМТЭ – ошақтардан зақымданған  жаппай санитарлық шығындарды, жарақат алғандарды шайқас алаңынан алып шығуға,  іздестіруге, бірінші шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған.

Брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуатор түнде көрудің жылу бейнелеу құрылғысымен, жараланғандарды іздестіруге арналған прожектормен, медициналық жабдықтармен жарақталған.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Қазақстан инжиниринг — 811 автожондеу зауыты» АҚ өрт сөндіру автошанаштарының күрделі жөндеуі мен жаңғыртуына, әскери техниканы жаңғыртуға және өндіруге, автокөлік және шынжыр табан техниканың күрделі жөндеуіне маманданған.

Кәсіпорын көп салалы өндірістік базасы, жоғары сапалы қызмет көрсету және өнім шығару үшін жоғары білікті мамандары бар, әскери техниканы жөндеу және қызмет көрсету саласында көпжылдық тәжірибеге ие.