23 мм пушкасы бар «Самум» броньда машинасының жаңа әзірлемесі

23 мм пушкасы бар «Самум» броньда машинасының жаңа әзірлемесі

Сириялық соғыста, сондай-ақ соңғы он жылдықтағы басқа да әскери қақтығыстарда жауынгерлік машиналарға ұқсас түрлі гантрактарды кеңінен пайдаланылды.

Негізінен осындай техниканы жүк машинасы, шанағына оқатқыш немесе шағын калибрлі пушка орнатылатын аспалы броны бар немесе жоқ пикап қамтиды. Ату қуатының жоғарылығы мен стандартты жауынгерлік машинларға қарағанда артық жылдамдығының үйлесімі гантрактарды лектерге еріп жүру, жергілікті жерді патрульдеу, сондай-ақ «ұр-қаш» тактикасын пайдалана отырып, кенеттен шабуылдау үшін тиісті шешім болды.

Осындай техникаға өзінің көзқарасын зауыттық орындауда «Подольский электромеханический завод специального машиностроения» компаниясы ұсынды, ол «Армия-2017» халықаралық әскери-техникалық форумда САМУМ броньды машинасын (Өте ұтқыр Артиллериялық Көп мақсатты Жаңғыртылған Қондырғы) көрсетті. Ол ЗУ-23/30М зенитті зымыран-пушка қондырғысымен жарақтандырылған жеңіл броньдалған пикап. Осы қару жерүстіндегі нысаналарды 2,5 шақырымға дейінгі қашықтықтан, ал әуе нысаналарын 1,5 шақырымға дейінгі биіктіктен талқандауға қабілетті.

Броньды автомобильдің зенитті-пушкалық қондырғысы бірнеше режимде атыс жүргізе алады: автоматты, жартылай автоматты және қолмен. Бұл подольск конструкторларының әзірлемесін қолдан жасалған гантрактардың кемшіліктерінен – шанақта тұратын көздеушінің жау оғы үшін осалдығынан арылтады. Машинаның атыс жүргізу кезіндегі шайқалуды тегістеу үшін қатты бекітуге мүмкіндігі бар.

 

Машина ұзындығы – 5 метр, ені мен биіктігі – 2,75 метр. Машинаның жарақтандырылған массасы толық жауынгерлік жиынтықпен 6,5 тоннаны құрайды, бұл ретте ол тағы да бір жарым тонна жүк тасымалдайды. Қозғалтқышының қуаты 200 л.с. жетеді, бұл жол талғамайтын машинаға шосседе 160 шақырым/сағатқа дейін жылдамдық арттыруға және екі штаттық отын багын пайдалану есебінен 1000 шақырымға дейін жүріп өтуге мүмкіндік береді.

 

Сарапшылар жалпы осы әзірлемені оң бағалауда. Олардың пікірінше оны құрастырушылар бай әскери тәжірибені шығармашылық тұрғыда ұғынған, бірақ оның алдағы уақыттағы қозғалысы оның өзін сынақтарда қалай көрсететіндігіне байланысты болады.

Ақпарат көзі:

http://www.arms-expo.ru/news/wars_and_conflicts/siriyskiy_opyt_v_rf_razrabotali_bronirovannyy_samum_s_23_mm_pushkoy_/